Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” конституциялық заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
“Елбасы арнайы үндеуінде мемлекеттік биліктің тармақтары арасында Президенттің заң деңгейіндегі бекітілген кейбір өкілеттіктерін қайта бөлу туралы тапсырма берді. Елбасының өкімімен құрылған арнайы жұмыс тобы қайта бөлуге жататын өкілеттіктерді анықтады.
Олар — әлеуметтік-экономикалық салаларды реттейтін президенттік өкілеттіктер.
Әділет министрлігі, өз кезегінде, тиісті конституциялық заңның жобасын әзірледі”, — деп баяндады ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Мәжілістің жалпы отырысында.
Заң жобасына сәйкес, “Президент туралы”, “Үкімет туралы” және “Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” конституциялық заңдарға түзетулер енгізіледі.
“Атап айтқанда, Үкіметке Президенттің келесі өкілеттіктерін беру ұсынылады:
Ал сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңына енгізілетін өзгеріске сәйкес, судьяларға куәлікті беру тәртібін белгілеу Жоғарғы сот кеңесіне жүктелетін болады”, — деді министр.
Дереккөз: Sputnik