Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Президент Жастар жылында қандай мәселелер шешілетінін атап өтті

204
Túrkistan газеті
Президент Жастар жылы барысында жұмыспен қамту, баспанамен қамту, білім беру, өмірге бейімдеу, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жас ғалымдарды қолдау шаралары жалғаса беретінін айтты.

“Елбасының пәрменімен дү­ниеге келген «Болашақ» бағдар­ламасы ширек ғасыр уақытта ел жастарына әлемнің үздік оқу орындарының есігін ашып берді. Мемлекет оқимын, тоқимын деп талпынған жас азаматтар үшін барлық жағдайды жасап отыр” – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы орта білім беру саласында үштіл­ділік бағдарламасын жүзеге асы­рудың да маңызы зор екенін атап өтті. Дегенмен, ең алдымен, қазақ тілін және орыс тілін оқыту жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты.

“Біздің балаларымыз үшін мұның мәні зор. Содан кейін ағылшын тілін үйретуге болады. Осылайша, болашаққа ашық көзбен қарайтын жаңа ұрпақты тәрбиелейміз” -деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, жастардың алға қойған мақсат-мүдделерін білу үшін науқаншылдық емес, нақты зерттеулер қажет. Жүйелі әрі кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы жастардың мұң-мұқта­жын, мақсат-мүдделерін анықтап, жастар саясатын сол қажетті­лік­терге жауап беретін деңгейде ұйым­дастырған жөн.

“Жастар саясатында, жастар тәр­биесінде науқаншылдыққа, тиімділігі төмен шараларды ұйым­дастыруға жол бермеу керек. Сон­дықтан кез келген шараны ғылыми негізге сүйеніп, жүйелі түрде жү­зеге асырғанымыз жөн” – дейді Президент.

Сонымен қатар, жас­тарға білім беру әрдайым алдыңғы қатарда екенін, тек білім ғана емес, отансүйгіштік рухта тәрибелеу ісі де басты назарда екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Айқын» және «Егемен Қазақстан» газеттеріне сұхбат беріп, көкейкесті мәселелерді қозғаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз