Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Президент латын әліпбиіне көшу қалай жүзеге асатынын айтты

283
Aikyn.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Айқын» және «Егемен Қазақстан» газеттеріне сұхбат беріп, көкейкесті мәселелерді қозғады.

Президент қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғы­рудың ең шешуші кезеңдерінің бірі екенін атап өтті. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам, деп есептейді.

“Осыған орай, Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы жарлығы шықты. Елімізде қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиін пайдалана бастаған құрылымдар бар. Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз” – дей келе Президент қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескерілетінін айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мәртебесі жайлы да сөз қозғады.

“Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байла­ныс­тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдір­шіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Осы тұрғыда, балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет. Біз мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеру бағытындағы жұ­мыс­тарды үздіксіз жалғастыра береміз” – деді Мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз