Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Президент көпбалалы отбасыларды қолдау үшін қандай тапсырма берді?

1545
zhasorken.kz

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларды қолдау үшін қандай шараларды қолға алуды тапсырғанын айтты.

“Мемлекет басшысы қашан да әлеуметтік саланы жаңғырту мен халықтың аз қамтылған тобына қолдау көрсету шараларын тиімді жүзеге асырудың маңызына назар аударады. Бұл бағытта ақпан айының басында Президенттің тапсырмасымен азаматтардың табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту және көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобының құрылуы маңызды қадам болды. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тобының алдына аталған санаттағы азаматтардың проблемалық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен қосымша резервтер табу және нақты тетіктер әзірлеу тапсырмасын жүктеді”, – деді Айдос Үкібай.

Президенттің баспасөз хатшысы халықты әлеуметтік қолдауды кеңейту бойынша ұсынылып отырған шаралар топтамасының мәні неде екенін түсіндірді.

“Мемлекет басшысы бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алуды жеңілдету және көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы төлемдерін жетілдіру, сонымен қатар айрықша қажеттілігі бар көпбалалы отбасыларға муниципиалдық жалдамалы пәтерлердің қолжетімділігін арттыру мүмкіндігін қарастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдар, өңір әкімдері бұл салада тиісті бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарау қажеттігін көрсетті. Мәселен, бірқатар өңірдің және республикалық маңызы бар қалалардың басшылары көпбалалы отбасыларға және өзге де көмекке мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсету үшін қосымша мүмкіндіктер мен резервтер тапты”, – деді хатшы.

Айдос Үкібай бұл жұмысқа барлық бейінді мемлекеттік және қоғамдық құрылым белсенді қатысады деген сенім білдірді.

“Президент Әкімшілігі Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу барысын қатаң қадағалайды”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз