Бұрынғы Семей, Талдықорған және Жезқазған облыстарының орнына жаңа — Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылуда. Бұл шешімнің маңыздылығы туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев айтып берді.
“Жаңа атаулармен және сәл өзгеше аумақтық құраммен облыстардың жандануы екі негізгі факторға байланысты. Біріншіден, Қазақстан өңірін кешенді дамыту қажеттілігі. Екіншіден, мемлекеттік басқарудың халыққа және жергілікті бизнеске жақындауы.
Еске сала кетейік, Тоқаев кезінде премьер-министр бола тұра, бұрын ірілендірілген Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорғанға ауыстыруға қол жеткізген болатын (әкімдік бұған үзілді-кесілді қарсы болған), бұл Жетісудың әлеуметтік- экономикалық проблемаларын белсенді шешуге мүмкіндік берді”, – деді Данияр Әшімбаев.
Саясаттанушы тура ширек ғасырдан кейін Президент Тоқаев Қазақстанның тарихи қалыптасқан өңірлерін қайта жаңғыртып жатқанын атап өтті.
“Осыдан 25 жыл бұрын, 1997 жылдың 3 мамырында Жезқазған және Семей облыстары жойылды. Таңдалған күннің символизмі айқын: президент сабақтастықты, тарихи дәстүрді қалыпқа келтіруге, барлығы үшін түсінікті әрі маңызды негізде жаңа Қазақстан құруға тырысады”, — деп түйіндеді саясаттанушы.