Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Президент Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдады

Қазақстан Президенті киноиндустрияның маңыздылығын айрықша атап өтіп, оның қазіргі мәдениет саласында алатын орнына тоқталды.

«Бүгінде кино ұлттық сана-сезім мен төл мәдениетімізді бейнелейтін негізгі құралдың біріне айналды. Сондықтан мен сізді отандық киномызды одан әрі дамыту мәселелерін талқылау үшін шақырдым», – деді Елбасы.

Досхан Жолжақсынов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның кинематография өнеріне ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

«Сіздің жан-жақты қолдауыңыздың арқасында қазіргі киноиндустрия саласы дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қиындықтарға қарамастан, «Көшпенділер» фильмін түсіріп, халқымыздың тарихын күллі әлемге таныттық. Содан кейін «Жау жүрек мың бала» мен «Алмас қылыш» фильмдері, сондай-ақ менің «Біржан сал», «Құнанбай» фильмдерім және басқа кинотуындылар түсірілді. Еліміздің бүкіл өңірін аралап, «Құнанбай» фильмін көрсеттік. Біз кино арқылы тарихи оқиғалар мен қазақ халқының мінез-құлқын бейнелеп, жұртшылық санасына рухани жаңғырудың негізгі идеяларын сіңіруге тырыстық», – деді халық әртісі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз