Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын тойлау үшін дайындық жасау мен оны өткізу мақсатында комиссия құруды тапсырды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу кезінде “Ел жүрегі – Астана” концепциясын бекіту және комиссия туралы ереже мен комиссия құру тапсырылды.
“Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын тойлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін”, – делінген хабарламада.