Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы тағайындалды

Зарина Нұрланова 1986 жылы Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы «КАЗГЮУ университеті» АҚ және UBIS университетін іскерлік әкімшіліктендіру мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Arna Media Advertising» ЖШС менеджері ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Қазконтент» АҚ атқарушы, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен, Еуразиялық интеграция институтын басқарған, сондай-ақ, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз