Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Правасынан” үш рет айырылған жігіт Алматыда тағы сойқан салды

Жол-көлік оқиғасы бола салысымен Lada жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіпті.

Сол жерге келген полицейлер көлік иесінің кім екенін тексере келе, бастарын шайқапты.

Өйткені бұл Lada-ның жүргізушісі 2012 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылыпты.

Ол аздай, сол жылы куәлігі болмаса да бұл жігіт көлікке қайта мініп, жол-көлік апатын жасаған екен. Сөйтіп, куәліктен айыру мерзімін сот тағы ұзартып беріпті.

Содан 2017 жылы мас күйінде тағы ұсталып, сот оны тағы да правасынан айырған екен.

Криминалистер қазір көлік рөлінде кім отырғанын анықтауда. Жүргізушінің қашып кеткеніне қарағанда, ол – дәл сол кісінің өзі болуы бек мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз