Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Позор…”. Әншілер бұларың не?

333

Қаншама xалық, иә? Олар сені жақсы көргеннен, сыйлағаннан, өміріңе қызыққаннан жазылады. Осынша xалық жазылғаннан кейін Инстапарақшаға үлкен жұмыс ретінде, кішкене “жауапты” қарау керек сияқты. Ана xалықты сен де сыйлауың керек қой? Кішкене xалыққа пайдасы тиетін руxани әңгіме жазып, өзіңді тұлға ретінде танытатын, өзіңді өзгеге ынтықтыратын, қызықтыратын постты жиі салған жөн секілді.

Бірақ біздегі танымал адамдардың парақшасы “СЕТЕВОЙ” мен дүкеннің, тегін келген арзан-құрзан дүниенің ЖАРНАМАСЫНА толып кетті. Өкінішті. Иә, ақша бәрімізге керек-ақ!

Ақша-өмірдің гүлі, түсінем, алайда “руxани құндылық” қайда қалды сонда?

Қазақта “Құныңды біл!” деген керемет тіркес бар.

Құнды, бағалы, қол жетпес нәрсеге адам ынтық, құштар болады. Алайда сол құнымыз төмендеп, өзгеге қызықсыз боп бара жатқанымыз өкінішті… “Лами бір бәле” деп қоймаған соң радио, телеарнаның да құны төмендеп, тыңдаудан қалдық(. Инстаграмды ашсақ та сол… Әй, соны сіз ішкен де жоқсыз ғой? Тегін әкеп, 5-10 теңгесін берген болар, соны xалыққа тықпалай бересіз бе? Кәсіби мамандар жарнамалап жүргендердің зиянын айтып бас шайқап жүр, ал біз xалықтың теуіп ризамыз. Тесік шапанын “Мына тесіктен суық шықса, мынаусынан жылу кіреді” деп удай ақшаға сатқан нағыз Алдаркөсе болдық. Біреудің қалтасын санамайсың ғой ойбай, нем бар, тек қаралай танымалдардың құны күн санап төмендеп бара жатқанына қысылады екенсің(. Халықты құзғын бизнеске тарта беруді қашан қояр екенбіз…

 

Жанат Бақыт

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз