Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

«Порнодан көріпті». ШҚО-да сегізінші сынып оқушысы 4 жасар баланы зорлады

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде сегізінші сыныпта оқитын оқушы төрт жасар баланы қызықты ойын көрсетемін деп алдап, көлікке отырғызған, дейді бұл ақпаратты қазақша аударып берген kaz.tengrinews.kz.

Күш қолдану арқылы ол баланы шешіндіріп, жыныстық қатынасқа түскен.

Осы кезде баланың айғайлаған дауысын естіген көршісі көлікке барған, ал кәмелетке толмаған зорлықшы басқа есіктен шығып қаша жөнелген. Көршісі жәбір көрген баланы анасына апарып, болған жәйтті айтып берген. Әйел полицияға арыз берген.

Психикалық дамуы кешеуілдеген 8-сынып оқушысы ұсталды.

Алайда сараптама қорытындысы бойынша, оқушының қылмыс істеген сәтте есін толығымен білгендігі анықталған. Ол өзінің әрекетін балалар порносын көріп, соны қайталап көргісі келгендігімен түсіндіріпті.

Зорлықшы өз кінәсін толығымен мойындады. Алайда ол кішкентай баланың өмір бойына психикалық тұрғыдан әсер етуіне байланысты және физикалық тұрғыдан да нұқсан келтіргені үшін сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі (“Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса”) бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді. Жәбірленушінің отбасына 700 000 теңге моральдық өтемақы төлейді.

Сонымен қатар, оған бала тәрбиесі ісімен айналысуға тыйым салынды.
https://kaz.365info.kz/o-ushy-yz-avtobusta-pornografiya-k-rip-otyrdy-225827

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз