Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Полиция «жоғалып кеткен» алматылық бомждарға қатысты түсінік берді

744

Қаңғыбастардың біреуі олардың қаланың әр жағынан жинап әкелгенін айтады.

«Мені «Саяхат» жақтан алып келді», — дейді ол.

Полиция департаментінде видеодағы қаладан «Газелмен» әкеліп тастады деген ер адамдарды полиция қызметкерлері бұрын-соңды көрмегенін мәлімдеді.

«Алгоритмге сәйкес, қала ішінде тұрғылықты жері жоқ тұлғалар анықталған жағдайда, оларды Алматыдағы Қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізеді. Қазіргі кезде бұл орталықта 142 адам бар. Ол 150 адамға арналған. Видеодағы азаматтарды полиция қызметкерлері қаланың сыртына шығарды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді Алматы қаласының Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Шенеуніктер үйсіз адамдар қауіпті инфекцияны таратуы мүмкін деп отыр, сондықтан оларға арнайы ғимарат дайындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз