Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Полиция қызметкері бір күнде 8 баланың әкесі атанды

Полиция сержанты Ғалым Арыстанбаев бір күнде 8 баланың әкесі атанды. Бұған дейін тәртіп сақшысы жұбайы екеуі балалар үйіне барып, жетімдердің жағдайын жиі біліп тұрған. Кішкентайларға бауыр басып, үйіне қонаққа да ертіп келіп жүрген. Уақыт өте келе балажанды ерлі-зайыптылар оларды өз қамқорлығына алады.

Ғалым Арыстанбаев, полиция сержанты:

– Балалармен жақсы тіл табысып кеттік. Үйге келгеннен кейін олар өз балаларым сияқты боп кетті.

Бұл – мерейлі отбасы мейірімге толы. Сондықтан шаңырақтан шаттық үзілген емес. Бұған дейін үш баланы тәрбиелеп отырған олар бүгінде ынтымағы жарасқан өнегелі отбасы. Бір қызығы, асырап алған бес баланың әрқайсысы әр ұлттан. Отанасы Әлия оларды бөліп-жармайды. Ортақ үй, ортақ тәрбие. Бақытты бүлдіршіндер.

Әлия Көбегенова, балалардың анасы:

– Мен өте бақытты анамын. Барлығы
мен үшін өз баламдай. Әрине, олар әртүрлі. Мінездері де әрқалай. Бірақ, біз бір-бірімізді таптық деп санаймын. Күйеуіміз екеуміз өте қуаныштымыз.

Осыдан бес жыл бұрын өңірде бес мекеме болса, қазір соның біреуі ғана қалған. Оған отбасылық үлгідегі балалар үйінің көптеп ашылуы сеп болып отыр. Ал тәртіп сақшысы Ғалым Арыстанбаев игі ісімен бүлдіршіндердің жүрегіне мейірім, болашағына деген сенім сыйлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз