Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
10
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Полиция күдікті Руслан Күлікбаевтың пәтерін тінтіді

– Тексеру шараларын жүргізу барысында азаматтардың қауіпсіздігін мейлінше қамтамасыз ететін шаралар жүзеге асырылды. Сөйтіп, Күлікбаев жалдап тұрған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оның маңайы қоршауға алынды.

Тексеру барысында жалдамалы пәтерден қандай да бір қауіпті немесе күдікті зат табылған жоқ, – дейді ІІД өкілдері.

Атап айтсақ, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 99-бабы 2-бөлімі, 269-бабы 2-бабы, 380-бабы 2-бөлімі, 255-бабы 4-бөлімі, 291-бабы 1-бөлімі, 200-ббы 4-бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған фактілер Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының және Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-інің Сотқа дейінгі істерді тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелген.

Жүргізушіге жасалған қарақшылық шабуыл және әйел адамды өлтіру фактілері ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі және 192-бабы 2-бөлімі бойынша тергелуде. Аталған қылмыстарды тергеу мақсатында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз