Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Полиция өкілдері Трамп серуендейтін көшелерді наразылыққа шыққандардан тазартты

285

 

Ақ үйдің басшысы әкімшілік қызметкер және баспасөз өкілдерімен бірге резиденциядан шығып,  сол уақытқа дейін тазартылып үлгерген бос алаңға қарай жол тартты.

31 мамыр күні наразылыққа шыққандар өртеген қасиетті Иоанның Епископальды шіркеуіне келген кезде Трамп қолына Библияны алып, АҚШ —«әлемдегі ең ұлы ел» деп мәлімдеді. Ол елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етемін деп уәде берді. Қасиетті Иоанның шіркеуін ел арасында президенттік шіркеу деп атайды, себебі бұнда 1815 жылы салынғаннан бері ел  басқарып тұрған кезінде әр америкалық президент ең болмағанда бір рет осы шіркеуге келген.

Естеріңізге сала кетейік афроамерикалық Джордж Флойдты полицейлердің ұстауы, кейіннен оның ауруханада қаза болуы жаппай тәртіпсіздіктің себебі болды. Елде бірнеше күн бойы наразылық шеруі өтті, 40-тан астам қалаға коменданттық сағат енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз