Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Полиция Мақтаралдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

– Аталған жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ата-анасының бақылауымен дәрігерлер жасөспірім қыздың тәнін тексеріп, нәтижесінде патологиясы мен дене зақымдары жоқ екенін анықтады. Сот-медициналық және психология-психотриялық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ата-анасының жауапкершілігіне берілді, – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған бір топ азаматтардың бұзақылық іс-әрекеттерін тергеу бойынша аудандық ІІБ криминалистері мен тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында аталмыш ауылға ішкі істер органдарының 170 қызметкері жұмылдырылды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Сейфуллин ауылының тұрғындарымен жиын өткізді.

  • Құқық қорғау және мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарының бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында, тәртіпке қарсы іс-әрекеттер шектеліп, тоқтатылды. Қазіргі таңда жағдай тәртіп сақшыларының толық бақылауына алынған, – дейді түсінікті қорытындылаған баспасөз қызметі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз