Уфада полиция бөлімінің тергеушісін зорлауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Тергеу комитетінің Башқұртстан Республикасы бойынша басқармасы.
Бастапқы тергеу нәтижелері көрсеткендей, 2018 жылы қазанның 29-ынан 30-ына қараған түні РФ ІІМ Уфа ауданы бөлімінің көші-қон мәселелеріне қатысты бөлімшесінде 23 жастағы қызды үш әріптесі зорлайды.
Қазір күдіктілердің бәрі ұсталды, қылмыстың анық-қанығын білу мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді полицейлерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуы тиіс. Ал жәбірленуші қызға сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.