Нұр-Сұлтан
Қазір
-21
Ертең
-19
USD
515
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.17
0.00

Полицейлерге таяқшаны қайтару мәселесін қарастырамыз – Қасымов

Министр Қалмұханбет Қасымов болса елдің еуропалық тәжірибені ескере отырып, осы таяқшалардан бас тартқанын айтты.

“Біз бұл мәселені қарастыратын боламыз. Үкіметтің халықаралық тәжірибені енгізу туралы хаттамасы қабылданған болатын.

Мен арнайы таяқшалардан бас тарту туралы бұйрыққа былтыр қол қойдым. (…) Ал біздің халықтың бұған үйрене алмай жатқаны басқа мәселе. Менің ойымша, бұл жай әдет, әдет кейіннен қалады. Адамдар полицейлердің жаңа жарық шағылыстырушы формасына да үйренеді”, – деді министр сенатордың сауалына.

Сонымен қатар, Қасымов қазіргі уақытта полицейлердің жүргізушілерді қолымен тоқтата алатынын айтып өтті.

“Полицейлердің көлігінде кем дегенде екі видеотіркеу құрылғысы орнатылған және біз полицейлердің барлық әрекетін көріп отырамыз. Жыл соңына дейін барлық полицейді видеотіркеу құрылғысымен қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді. Сондықтан мен біздің полицейлерге видеотіркеу құрылғы болмаған жағдайда жүргізушілермен жұмыс істеуге тыйым салдым. Егер видеотіркеу құрылғысы болмаса, мысалы, бізде облыстар видеотіркеуішпен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бірақ кейбір  облыстар ондай құрылғымен 30-50 пайызға қамтамсыз етілген, сондықтан біз оларға жұмыс істеуге тыйым саламыз”, – деді министр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз