Үш азамат әріптестерін зорлағаны үшін қамауға алынған.
Күдікті үш полицей бөлімшеде алкогольдік ішімдікке масайып алып, бөлімшеде басқа ешкім қалмағанын пайдаланып, жұмысын істеп жүрген аруды кабинетке шақырыпты.
Комсомольская правда басылымының мәліметінше, 23 жастағы жәбірленушінің заң университетін бітіріп, жұмысқа тұрғанына жарты жыл болған. Бойжеткеннің әкесі қаладағы беделді офицерлердің бірі екен. Қызметкерлер зорлық әрекетке барды дегенге өзге әріптестері де сенбей отыр. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал жәбірленуші қызға сот-медициналық сараптама тағайындалған.