Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Питт пен Джоли байлықты бөлісе алмай жатыр

“Ол үй әділ бағаға сатылды. Бұл екі жаққа да тиімді келісім. Олар нәтижеге разы”, – деді жылжымайтын мүлікті сату агенті Найна Килин. 3,5 миллион долларға бағаланған үйде бес жатын бөлме үш ванна бар. Голливудтық жұп 1830 жылы салынған бұл үйді 2007 жылы “Катрин” ураганынан кейін сатып алған болатын. Ол кезде ураган қаланы біршама бөлігін қиратқан. Сол жылы Питт Make It Right Foundation коммерциялық емес ұйым ашқан, олар құйыннан зардап шеккен үйлерді қоршаған ортаға зияны жоқ жаңа технологиялармен салатын болған.

Осыған дейін, Питт пен Джоли 2012 жылдан бері өз иелігіндегі Франциядағы помещик меншігіндегі жер иелігін сататыны хабарланған. Сатып алмай тұрып, актерлар жазғы демалыстар үшін осы поместьені жалға алып жүрген. 2014 жылы Питт пен Джоли осы жерде үйлену тойын жасаған.

Қыркүйек айының соңында Анджелина Джоли ажырасуға арыз бергені жарияланды. Ол өзінің бұл әрекетін жұбайлар арасындағы түсінсіпеушілікке байланыстырған. Сондай-ақ Джол соттан өзінің алты баласын өзімен қалдыруды сұраған. Алайда Питт балаларды көріп тұрады және заңды түрде қамқоршы болады.

Брэд Питт пен Анджелина Джоли Голливудтың ең қымбат актерларының бірі болып саналады. Көп жылдар бойы тбірге тұрып, олар 2014 жылы үйленген. Актерлардың алты баласы бар, оның арасында асырап алынғандар да бар.

607ccd2b0daa1be7fb785a659b6d5eb0

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз