Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Петя кінәлі”. Доллардың қымбаттап, қайтадан арзандауының себебі белгілі болды

The Wall Street Journal америкалық басылымының жазуынша,

мұнай бағасының қайтадан көтерілуіне 27-маусымда мұнай және мұнай тасымалдаушы компаниялардың серверіне жасалған хакерлік шабуыл түрткі болған. Бұл инвесторлар арасында дүрбелең туғызып, мұнай, орташа шамада, 2 процентке қымбаттады.

Group-IB компаниясындағылар Petya вирусы Ресей мен Украинаның мұнай, телекоммуникация және қаржы компанияларына жаппай шабуыл жасағанын мәлімдеді. Оның ішінде Чернобыль атом электр стансасы да бар. Одан бөлек  Италия, Израиль, Сербия, Венгрия, Румыния, Польша, Аргентина, Чехия және Германияның кейбір компаниялары да бұл вирустан зардап шеккен.

Бұдан соң “Касперский зертханасының” директоры Костин Райю бұл вирусты тоқтата алмағандарын, оның әлемді жайлап кеткенін хабарлады. Ал Petya атты қаскөй-вирус компьютерлерді бұғаттап қана қоймай, оны ашу үшін 300 доллар ақша сұрайтын көрінеді.

“Егер өндіріс тоқтап қалса, оны қайтадан қалпына келтіру қиын болады. Мұндайда биржадағы сатушылар өте сақ позицияға көшеді. Әрине, баға өседі, оны ешкім тоқтата алмайды”,- деп атап өткен ICAP брокері Скотт Шелтон.

Демек, мұнай бағасы көтеріле беретін болады. АҚШ та соңғы оқиғадан соң шикізат өндірісі көлемін күрт төмендеткен. Сондықтан бүгін халықаралық нарықта мұнай бағасы тағы да тиындап қымбаттады. Осы жағынан алғанда,

Қазақстанда доллар бағасының қатты қымбаттауы болжанбайды. Керісінше, қазіргі арзан баға – заңды құбылыс.

Айта кетелік, еліміздің ақша айырбас орындарында өткен апта басында 1 АҚШ доллары 330 теңгеге дейін қымбаттап, соңына қарай 326-325 теңгеге түсті. Ал бүгін Алматыдағы ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ доллары 321 теңгеге сатылып, 324 теңгеден сатып алып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз