Республикалық спорт жарысына қатысушылар Петропавлдағы дәмханалардың бірінен кешкі ас ішкеннен соң ауруханадан бір-ақ шықты.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлованың ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында кекушинкай каратэ бойынша ашық чемпионатына қатысып жатқан 11 спортшы (9 – 17 жас аралығындағы) өткір ішек инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті.
«Қазіргі уақытта департамент күші эпидемияға қарсы шара ұйымдастыруда», – деп хабарлады Татьяна Горлова.