Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
459
-1.02
EUR
501
-3.36
RUB
5.17
+0.01

Петропавлда зейнеткер шағын бульдозер құрастырып шығарды (видео)

Дмитрий Клишин, зейнеткер:

– Капот пен кабинасын тоңазытқыштың темірінен жасадым. Сүргішін де қолдан құрастырдым. Мотоблоктың қозғалтқышы тұр. 8-12 аттың күші бар.

Дмитрий Клишин 30 жыл жүргізуші болып жұмыс істеген. Сондықтан көліктерге деген махаббаты ерекше. Гаражында 56-шы жылғы «Газ – 69» темір тұлпары тұр. Онымен жазда ғана жүреді.

Дмитрий Клишин, зейнеткер:

– Бұл көлікті «Жигулиге» ауыстырып алдым. Темір-терсек күйінде жүрмей тұрды. Бірте – бірте істетіп, «Волганың» қозғалтқышын орнаттым. Бұнымен бармаған жерім жоқ.

Зейнеткердің көшесін көктем сайын су басады. «Шағын бульдозермен» қардың барлығын шығару мүмкін емес. Енді ол «көмекші» көлігіне қуатты қозғалтқыш орнатпақ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз