Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері пошта арқылы есірткіні тасымалдауды кәсіп қылған 43 жастағы азаматты ұстады.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Петропавл қаласында есірткі тасымалымен айналысқан әйел ұсталды. Алайда ол бизнесінің қанатын кеңге жайып үлгермеді. Ірі көлемде есірткі алған жерінен ол ұсталды. Уәлиханов көшесіндегі күдіктінің пәтерінен 16 келі кептірілген марихуана, 500 грамм гашиш табылды. Тексеру кезінде облыс орталығы тұрғынының қылмыспен айналысатынын дәлелдейтін басқа да заттар табылды. Есірткі заттар Жамбыл облысының Шу ауданынан алынған.
Бұл фактіге қатысты әйелдің үстінен 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қарасатыратын ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Әйел уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.