Инфекция жұқтырғандардың бірі мектеп оқушысы болса, екіншісі – әскери қызметкер. Десе де дәрігерлер науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр.
«Шошқа тұмауын жұқтырған екі науқас та тұмауға қарсы екпе алмаған. Қазір олар ем қабылдап жатыр», – деді дәрігерлер.
Тұмаудың бұл түрі үй құстары, шошқа секілді тағы басқа жануарлардан жұғуы мүмкін. Ал адамнан адамға ауа арқылы таралады. «АШ1ЭН1» вирусына шалдыққан адамның басы мен бұлшық еті ауырады.