Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Петропавлда екі қабатты жиһаз цехы өртеніп кетті

Сондай-ақ жиһаз цехына іргелес орналасқан көлікжайларға, дәмхана мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мұражайының ғимаратына өрттің таралуына жол берілмеді

Биыл 4 тамыз күні таңғы 6 сағат 38 минутта 101 шұғыл желі байланысына Петропавл қаласы Абай көшесіндегі №16 мекенде орналасқан жиһаз цехының 2-қабатында  от тұтанғандығы туралы ақпарат түсті.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі төтенше оқиға орнына таңғы 6 сағат 46 минутта келіп жеткен. Ол кезде ғимараттың басым бөлігі отқа оранып үлгерген.

Өрттің көлемі мен оттың қарқынды таралуын ескере отырып, шақыру орнына жеке құрамның 90 адамы мен 16 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Оның ішінде «Оңтүстік – Орал темір жолы» мекемесінің әскери өрт сөндіру командасы, «Өрт сөндіруші» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру топтары, Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері, сонымен қатар қалалық коммуналдық және шұғыл қызметтері қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз