Петропавлда бір бойжеткенді автобус қағып кетті

Петропавлда автобус жүргізушісі 22 жастағы азаматшаны қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

20160527132523

Қайғылы оқиға 26-мамырда шамамен сағат 18-де Мир — Партизанская көшелерінің қиылысында орын алған — автобус жүргізушісі 1994 жылы туған қала тұрғынын қағып кетті.  Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.

— Қазір аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  Тергеу кезінде болған оқиғаның мән-жайы мен жол-көлік апатына кінәлі адамдар анықталады, — делінген хабарламада.