Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Перзентханада ауысып кетіпті. Астаналық әйел 20 жыл бойы біреудің қызын өсіріп келген

265

Жанат Ахметова 1993 жылы 21 тамызда түнгі сағат екіде Қостанай облысындағы Жангелді ауданындағы перзентханада босанған. Баласын емізіп жатып, оның денесінен қал көрген. Алайда баланы түнде алып кеткен дәрігерлер таңертең әйелге біреудің баласын әкеп беріпті. “Акушерге мынау менің балам емес, дедім. Маған әкелген баланың көзі жасыл түсті. Акушер балалардың шатасуы мүмкін емес деп, мені сендірді. Бірақ бір күдік қалып қойған“, – дейді Жанат.

Балаға Гүлнафиз деген есім берді. Өсе келе Гүлнафиз жасыл көзді сары қызға айналды. Қыз қатты аурушаң болғандықтан, олар оны Ақтөбедегі көріпкел емшіге апарады.

Емші бірден мынау сендердің балаларың емес депті.

Сендердің өз қыздарың қатты қиналып жүр. Оны табыңдар. Ал мына қыздың шешесі башқұрт”, депті көріпкел.

Солай. 20 жыл бойы бағып-қағып келген қыздары бөтен бала болып шықты. Мұны ДНК-тесттің нәтижесі де растаған.

Содан Жанат өзі босанған перзентханаға барып, архивті көтереді. Сөйтсе, тура сол күні Жанатпен қатар Гузель есімді башқұрт әйел босанып, қызына Роза деген есім беріпті.

Розаның қазір Қоянды ауылында тұратын анықтаған Жанат оны сонда іздеп барған. Көре салып, бірден таныған. Бірақ қорқып қалмас үшін шындықты бірден айтпапты. Бірақ сөйлесе келе шындықты естіген қыз сеніпті. Жанатты мама деп атапты.

«Жақын арада мен осы оқиғаны бастан-аяқ жіпке тізіп, кітап жазып шығарғым келеді», дейді Жанат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз