Франциядан Қытай астанасы Бейжіңге ұшқан Димаш Құдайбергенді мұнда тосын сый күтіп тұрды.
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оған ерекше сый жасады деп жазды әншінің досы әрі продюсері Алпамыс Шаримов.
Димаш кеше Шанхай қаласында концерт берді. Қытайлық жанкүйерлер оның алда келе жатқан 24-мамырдағы туған күніне орай тосынсый жасады. Олар орындаушыға үлкен торт әзірлеп, Әлеуметтік игілік куәлігін табыстады.
Хаттың мәтінін толық жариялауды жөн көрдік:
“Құрметті Димаш, 24-мамыр – жанкүйерлеріңіз көптен күткен туған күніңіз. Сіздің Қытайда тұңғыш өткен туған күніңізді еске сақтау үшін, Dimash China music fan club мүшелері ерекше сый – “Әлеуметтік игілік куәлігін” ұсынуды жөн көрді. Ақылдаса келе, біз “тегін түскі тағам” және “желкен жаю жоспары” сынды екі жобаны таңдадық. “Тегін түскі тағам қоры қоғамы” кедей аймақтағы балаларға тегін түскі ас берді. “Желкен жаю жоспары” бойынша алыс аймақтағы бастауыш мектепке 496 кітап беріп, “Димаш кітап бөлмесін” құрдық және басқалай оқыту құралдары, жаңа киімдер таратып бердік”, – делінген хатта.
Әрі олар Димашқа сай болу үшін осындай әрекетке барғандарын түсіндірген.
„… Сіздің бойыңыздағы көптеген асыл қасиеттерден біз үлгі алуымыз керек„
делінген хатта.
Айта кетелік, Димаш Құдайбергеннің Bastau деп аталатын жеке ән кеші 27-маусымда Астанада өтеді.