Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Педофилді ұрған полицейдің өзі сотталуы мүмкін

Кадрларда полиция қызметкері бастапқыда камерасын қосып, кейін жартылай ашық тұрған есікті құлыптап жабады да, күдіктіге аяғымен бірнеше рет белден төмен соққы жасайды.

Қазір оған қатысты «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сержант жұмысынан қуылып, қамауға алынған. Алайда қалың жұртшылық құзырлы органның шешімімен келіспеуде. Олар педофилді ұрған полиция қызметкерін жазаламауды сұрап отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай  ер адам 5 жасар қызды алдап пәтеріне апарып, зорлағанын мойындаған еді. Тергеу аяқталған соң сержант шеніндегі қарауыл ашулықтан өзін ұстай алмай педофилді соққыға жықты. Ал дәрігерлер қыздың жағдайы орташа қалыпта деп мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз