Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Павлодарлық ару аттракционға мінемін деп өмірімен қош айтыса жаздады

177

«Тарзанкадан» секірмекші болған 23 жастағы бойжеткен арқан үзіліп кеткеннен кейін металл тірекке құлап кеткен.

«Егер менің орнымда кішкентай бала болса, оқиғаның арты бұдан да сұм жағдайға алып барар еді. Егер аяқ-қолыммен жауып қалмасам, метталға шекеммен түсер едім. Онда дәл қазір сіздің алдыңызда болмас едім», – дейді Александра Олейник.

Оқиғадан кейін бойжеткен ауруханаға жеткізіліп, физиопроцедуралар қабылдап, жарақаттарына түрлі дәрілік майлар жақты. Алайда арада бір апта өтсе де қыздың жағдайы жақсарған жоқ. Ісік қайтпады, ол аз десеңіз, қан ұюсуының қаупі туды. Денсаулығына зиян келтіріп алған қыз сотқа жүгінбек.

Ал оқыс оқиғадан кейін аттракцион жұмысын тоқтатты. «Тарзанка» бөлшектерге бөлінген, ал оның маңайында ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ. Саябақ әкімшілігі жеке-меншік аттракциондарды тексеру жұмыстарының қалай жүретінін айтып берді: иесі құжатын, аттракцион техпаспортын, оның дұрыс орнатылуы мен монтажын көрсетеді. Соған қарағанда, бұдан кейін қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізілмейді.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз