Қызыл жалын 150 метр аумаққа созылды. Оған қасақана біреу от қойған деген болжам да бар.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.
«Павлодар жылу желілері» ЖШС № 3 жылу электр орталығының 150 метр жылу құбыры қызыл жалынға оранып, оның оқшаулағыш қаптамасы өртенген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Қасында қуарған ағаш болған. Мүмкін от қурап қалған шөптен жылу құбырына ауысқан шығар», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Марал Сағынова.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Олеся Емельянованың айтуынша, өрт 2 және 3 жылу электр орталығы арасында технологиялық тосқауылда орын алған.
– Тілсіз жау жылу маусымына еш әсер ете қоймайды. Қазірде өрттің себептері анықталуда. Қасақана біреу от қойған деген жорамал бар, – деді Олеся Емельянова.