Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодарда шаруа қожалықтары кооперативке бірігіп жатыр

111

Кооперативтердің қатарын енді ауданның омарташылары толықтырмақ. Тауарлы сүт фермасының құрылғанына бір жыл ғана. Инвестициялық жоба мемлекеттік «Ырыс» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асты. Сауын сиырлар облыс аумағындағы асылтұқымды мал өсіретін ірі шаруашылықтардан алынған.

Валентина Алеева, «Агро-Даму» ЖШС еңбеккері:

– Біз асылтұқымды мал шаруашылығын дамытып жатырмыз. Тауарлы сүт фермасында қазір мал төлдеп жатқан кез. Қолдан ұрықтандырылатын малдың төлі ірі келеді. Шамамен бұзаулардың салмағы 50 келіге дейін жетеді. Келешекте әрбір сауын сиырдан 40 литрге дейін сүт аламыз деп жоспарлап отырмыз.

Тауарлы сүт фермасын құрған кәсіпкерлердің алдындағы келесі жоспар сапалы мал азығын дайындау болатын. Бұл мәселе көкөніс өсіретін шаруашылықпен бірлесіп, кооператив құрудың арқасында шешімін тауып отыр. Өйткені жердің құнарын арттыру үшін диқандар дәнді-дақылдарды себеді. Жеке кооперативтердің ауыл тұрғындары үшін де пайдасы зор.

Жұмағали Таукенов, Қашыр ауданы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

– Инвестициялық жобаның жүзеге асуы Федоровка ауылдық округіне үлкен көмек болып отыр. «Агро-Даму» ЖШС-де 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Онда тек жергілікті тұрғындар еңбек етеді.

Ауданда кооперативке топтасудың тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары кең ауқымда жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін оннан астам кооператив құрылды. Қашыр ауданында омарташылық ерекше дамыған. Олар да кооперативке топтасуды жөн санапты.

Жұмағали Таукенов, Қашыр ауданы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

– Бүгінгі таңда омарташылар тарапынан кооперативке бірігу ұсынысы көптеп түсіп жатыр. Өйткені олар бұл жұмыстың пайдалы екенін жақсы біледі. Кооперативтердің саны әле де арта түсетіні анық.

Қашыр ауданында омарташылардың саны мыңнан асады. Өткен жылы асылтұқымды бал шаруашылығы мәртебесіне екі шаруашылық ие болды. Бобровка ауылының кезінде омарташылықпен аты әйгілі болған. Арнайы егіс алқаптары бөлініп, омарташылар үшін арнайы қарақұмық өсірілген.

Валерий Чистяков, омарташы:

– Кооперативке топтасу омарташылар үшін өте тиімді. Біз жер алып, оған өзімізге қажетті өсімдік түрлерін салатын боламыз.

Жыл сайын Қашыр ауданының омарташылары 120 тоннадан астам бал жинайды. Табиғи өнім облыс аумағынан тысқары жерлерге сатылады. Олардың ендігі жоспары ортақ қор құрып, Қашырдың балын брендке айналдырмақ. Оны жүзеге асыруға мемлекеттен де зор қолдау бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз