Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Павлодарда мемлекеттік қызметкерге сыйлық жасаған үш адам жазаланды

Өңірлік департамент басшысы міндетін атқарушысы Тыныштық Жүсіповтің айтуынша, заңбұзушыларды Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің көмегімен әшкерелеу мүмкін болған.

“Биыл лауазымды тұлғаға заңсыз түрде ақшалай сыйықы берген үш дерек анықталды”, – деді Жүсіпов.

Осы деректер бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Іс Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасағандарға 200 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 1 361 400 теңге.

Сондай-ақ, сыйлық алған мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 600 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас тағы бір дерек сотта қаралып жатыр.

 

Еске сала кетелік, Қазақстанда сыйланған сыйлықтың құны 4 мың теңгеден асса, пара деп саналады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз