Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданында жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 60 жастағы ауыл тұрғынын «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттіктің ресми сауал хатына жолдаған жауабында облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. «Әйел алкогольдік мас күйде туындаған жанжал барысында 40 жастағы өзінің ұлына пышақ жарақатын келтірген.
Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлімі – «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» және 380-бабы, 1-бөлімі – «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бойынша тергеу жалғасуда.
Күдікті қамауда. Алғашқы бап бойынша күдікті сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, екінші бап бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.