9 қабаттан қоқыс тастаған жұмысшы өз жазасын алды
Пәтер иелерінің корпоративі өкілдері тәртіп бұзушыларға шағым жасап, полицияға жүгінген. Олар құқық қорғау қызметкерлеріне көпқабатты үйдің терезесінен құмды ұшырып жатқан құрлысшылардың видеосын көрсетті, – деп хабарлайды Today.kz.
Пәтер иелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Олар жалдаған жұмысша еденге бетон құйғаннан кейін,
сыртқа шығуға ерініп, пәтердің балконынан қалған құмды күрекпен лақтырған.
“Бұл факті бойынша аталған азаматқа қатысты ӘҚБ туралы ҚРК 434-2 бабы бойынша әкімшілік тергеу ісі жүргізіліп, 5 АЭК айыппұл салынды. Жақында 54 жасқа толған құрылысшы өзінің туған күнінде осындай жағдайға тап болды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.