Павлодар қаласының әуежайында «Павлодар-Мәскеу» әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген АҚШ-тың 2 азаматы ұсталды – деп хабарлайды ҚР ІшкіІсМині Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Көлік полицейлері таратқан ақпаратқа сәйкес, 27-маусымда «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» акциясын жүргізу кезінде Павлодар станциясындағы Ішкі істер желелік бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласы әуежайында «Павлодар-Мәскеу» әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде бұрын Қазақстан Республикасының азаматтары болған, қазір елімізде заңсыз жүрген Америка құрама штаттарының 2 азаматын анықтап, ұстапты.
– Олардың бірі, 2007 жылы Павлодар қаласынан кетіп, 2012 жылы ресми түрде АҚШ азаматтығын алған Минисот Штаты Иган қаласының 43 жастағы тұрғыны. Екіншісі, 2014 жылы АҚШ азаматтығын алған Минисот Штаты Шакопи қаласының 82 жастағы тұрғыны болып шықты, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған факт бойынша көлік полицейлері АҚШ азаматтарының үстінен ӘҚБтҚ РК 496 бабының 1 тармағы бойынша (ҚР азаматтығынан айырылған адамның ҚР азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы) әкімшілік хаттама толтырып, олардың әрқайсысынан 100 АЕК, яғни 212 100 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы 27-29-маусым аралығында ҚР ІшкІсМинінің Көліктегі ІІД қызмет көрсететін аумақта «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» акциясы өтуде.