Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарда қанттың бағасы 360 теңгеге дейін неге шарықтағаны түсіндірілді

Қазақстанда бағаны қымбаттатқан жалғыз ғана өндіруші – «Ортаазиялық қант корпорациясы» ЖШС. Жарты жыл ішінде бұл мекеме бағаны 10 рет шарықтатқан, оның ішінде шілде айында – үш рет.

Кәсіпорын мұндай қадамға баруын Бразилиядағы қант шикізатының қымбаттауымен түсіндірді.

– Шикізат 55 пайызға, 320-дан 500 АҚШ долларына дейін өскен. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасы мен Ресейде де бағалар көтерілді. Мұның бәрі елдегі қант бағасының өсуіне себеп болды, – дейді Оксана Давыденко.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, елімізде «Ортаазиялық қант корпорациясына» қарасты төрт фирма қызмет етеді: «Фирма Ирвема», «Альянс-Центр kz», «Калашников» пен «Скиф-Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

Орта есеппен алғанда, павлодарлықтар жылына 11-12 тонна қант тұтынады. Жыл басынан бері павлодарлық көтерме саудагерлер 9,7 тонна өнім алған, бұл жылдық норманың 80 пайызын құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі аптадай уақыт бұрын павлодарлық дүкендерде қант тапшылығы байқалған. Кей дүкендерде қант бағасы 360 теңгеге дейін жеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз