Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Павлодарда алданып қалған зейнеткерлер сот алдында жауап беруде

Еске сала кетсек, Павлодар облысында аса ірі көлемінде мемлекет бюджетін жымқырған бір топ мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс тергелді. Ұлттық бюро мамандары жалған анықтамалар арқылы зейнетақы тағайындалған тұлғаларды әшкереледі. Алаяқ шенеуніктер зейнет жасына жетпеген азаматқа әлеуметтік төлем тағайындап, 117 млн теңгені ұрлаған.

Айта кетейік, ұрланған 117 млн теңгенің 80 млн теңгесі қайтарылды. Бүгінгі күнге дейін 66 эпизодтан тұрған тергеу аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының басшысы Руслан Куватовтың айтуынша, заңсыз олжаның құны 2-3 млн теңге аралығында болған. Күдіктілердің басым бөлігі жасаған қылмыстарын толық мойындаған.

Шенеуніктерден опық жегендердің қатарында Махмұт Темірғалиев бар.

«Мен 2016 жылға дейін аула сыпырушы болып жұмыс істедім. 61 жасымда зейнетақы төлеу орталығының мамандары келіп, зейнет жасына жетпей зейнеткер атану жөнінде ұсыныс жасады.

Олар маған 250 мың теңге төлеп, бір жылдан кейін Семей ядролық полигонының аумағындағы ауыл тұрғыны ретінде жоғары зейнетақы алатынымды сендірді. Дегенмен, мен Алматы облысында туғанмын.

Сеніп қалдым. Кейін мемлекетке 2 млн теңге қарыз екенімді білдім. Заң алдында жауап беремін, әрине», – дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бір топ маман лауазымдық қызметтерін пайдалана отырып, облыс тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз ресімдеп келген. Бұл қызметтері үшін 300 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін сыйақы алған. 11 фигуранттың төртеуі ғана істі болды.

Сот талқылауы жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз