Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодарда 5 жасар қызды туған атасы зорлаған болуы мүмкін

122

Қыздарын балалар үйінен зорға алып шыққан Наталья Кудинская енді кімге сенерін білмейді. Айтуынша, 5 жасар қызы түнде дұрыс ұйықтаудан қалған. Тіпті, шешесіне болған оқиғаның өзге нұсқасын баяндап берген екен. Өзіне өгей әкесі емес, туған атасының тиіскенін айтқанда үйдегілер жағасын ұстапты.

“Қыздарымның айтуынша, атасы оларды өзінің жыныстық мүшесін сүйгізуге мәжбүрлеген. Сөйтіп, бұл масқарадан құтылу үшін қазіргі күйеуіме жала жапқан. Ақыры оны уақытша абақтыға жаптыртты. Бұл қасақана жасалған іс. Бірақ бұған еш құзырлы орган мән бермей отыр”, – дейді қыздың анасы Наталья Кудинская.

Өзіне өгей әкесі емес, туған атасының азғындық жасауға әрекеттенгенін бүлдіршіннің өзі де тәптіштеп айтып отыр.

Оларға қол тигізбегенін жеткізген қарияның осы сұмдықты естігенде қан қысымы көтеріліп кетіпті. Ал бүлдіршіннің алғашқы айтқанынан айнып қалуына қорқыныш сезімі себеп дейді ол.

“Немеремнің іш киіміме қолын салғанынан оянып кеттім. Өзімді қоярға жер таппадым. Есімді жиып, бәрін сұрай бастадым. Виталий аға ылғи осылай істетеді деді. Бұрынғы келінім балаларды аяусыз ұрып-соғады. Енді оларды қорқытып, бәрін менен көріп отыр”, – дейді қыздың атасы Сергей Кудинский.

Туған әкесінің үйіне барамыз деп балалар үйінен бір-ақ шыққан 3 және 5 жастағы бүлдіршіндер қазір анасына қайтарылған. Ал 5 жасар қыздың шағымынан соң полицейлер 30 жастағы өгей әкесін қамауға алған болатын. Қазір кәмелет жасына толмаған балаға жыныстық сипатта азғындық көрсету бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бүлдіршіндердің жиі қараусыз қалатынын айтқан туыстары енді адуынды келіндері оларды көрсетпей қоя ма деп қорқады.

“Бастары биттеп, кір-қожалақ болып келеді. Жуындырып, тазалап жібереміз. Өткенде бұрынғы келінім үлкен қызды көк ала қойдай сабап тастапты. Денесін көргенде шошып кеттік. Оның есі ауысқан, емдеу керек. Бізге балалардың амандығы ғана керек”, – дейді қыздардың әпкесі Евгения Кашина.

Ал баласының аузынан оқиғаның өзге нұсқасын естіп білген Наталья Кудинская енді қайынатасын соттамақшы. Айтуынша, азаматтық некедегі қазіргі күйеуі қыздарын туған баласындай күтіп баққан. Ал 7 жыл отасқан бұрынғы күйеуі ажырасқалы балаларына көк тиын бермепті.

Ал прокурорлар заң талабына сәйкес бұл іс жөнінде ақпарат тарата алмаймыз деп ресми хат жолдаумен шектелді. Өгей қызына жыныстық сипатта азғындық көрсетті деген күдікпен қамауға алынған 30 жастағы азаматтың соты желтоқсанда басталады. Ал немересіне қол тигізбегенін алға тартқан атасы енді бұрынғы келінін «жала жапты» деп айыптап, прокуратураға қарсы шағым түсірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз