Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Павлодарда 40 адам салафи ұстанымынан бас тартты

Атап айтар болсақ, олардың діни сенімдерін дұрыстап, құжаттарын реттеп, қызметке орналастыру жұмыстарын жүргіздік. Олардың 40-тан астамы салафиттік сенімді ұстанғандар. Сондай-ақ, дәстүрлі емес «Атажол» және Иегова куәгерлері секілді аса қауіпті топтардың жетегінде адасып жүрген азаматтар да болды. Қазіргі күні олардың туыстарымен хабарласып, жағдайларын біліп тұрамыз, – дейді Гүлназ Раздықова.

Оның айтуынша, теріс жолда жүрген бір адамның сенімін өзгертіп, дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабын қабылдату үшін бір айдан жарты жылға дейін уақыт керек.

Сондықтан, мұндай ұйымдарға заңмен тыйым салу арқылы ғана тосқауыл қойылады.

Жалпы, Павлодар облысында биылғы жылы террористік бағыттағы әрекеттер бойынша жазаға тартылған адам жоқ. Ал, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрғындарды Сирияға баруға үгіттеп, діни экстремизмді насихаттағаны үшін ұсталған 10-шақты адам қазір Павлодардың колонияларында жазаларын өтеуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз