Павлодар облысында сағатына 237 км жылдамдықпен жүрген көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басталғалы бері 21 мыңнан астам жүргізуші белгіленген жылдамдық шегін бұзғаны үшін айыппұл алған. Күн сайын полиция қызметкерлері жол ережелерін сақтамайтын жүргізушілерді анықтап, тәртіп бұзушылардың жауапқа тартылуын қамтамасыз етеді.
Полиция өкілдері жылдамдықты шектен тыс арттыру жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі екенін еске салып, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.