Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Павлодар тұрғыны иттің басын жұлып, терезеден лақтырған

Тұрғындар ішкі істер органдарына хабарласып үлгеріпті. Алайда, ер адам жауапкершілікке тартылмапты. Осыған орай үй жануарларының жанашырларының пікірін де білдік.

«Өкінішке қарай, осы тектес жағдайларға күнделікті тап боламыз. Көше кезіп жүрген қаңғыбас ит-мысықтарда өлтіру, оларға зиян келтіру туралы шағымдар жиі түсіп тұрады», – дейді «Сердца Павлодара» қоғамдық қорының жетекшісі Мария Гребенкина.

Еске сала кетейік, биыл Павлодарда еріктілердің өтінішімен қаңғыбас ит-мысықтарды оңалтуға арналған орталық ашылады. Қалталы азаматтар бос жатқан ғимаратты сатып алуға 7 млн теңге бөлген. Жөндеу жұмыстарын да демеушілер қолға алды. Облыс орталығында үй жануарларын күтіп-баптауға қолайлы жағдай жасау мәселесі осымен 20 жыл бойы өткір тұрған. Мәселе шешімін таппағандықтан, еріктілер қауымы осындай стихиялық тәлімбақтар құрған. Қазіргі кезде жалдамалы жер үйде 80-ге жуық ит-мысық қамқорлыққа алынды. Сонымен қатар, зоо-такси қызметі де бар. Көше кезіп жүрген жануарда көрген тұрғындар хабарласа алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз