Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодар облысында шенеунік отбасымен қаза болды

Көліктің ішінде жолдасы мен үш жасар ұлы болған. 53 жасар жолаушы да оқиға орнанда мерт болды. Азаматша – Черное ауылының тұрғыны.

Елді мекеннен бір шақырымдық жерде төрт адам қайтыс болып, екеуі ауруханаға жатқызылды. 57 жасар ер азамат пен оның 27 жасар қызы Аққу аудандық ауруханасына жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева төрт азаматтың көз жұмғанын растады.

«Зардап шеккен екі жолаушы орта деңгейдегі жарақат алды. Алдағы уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіледі», – дейді баспасөз хатшысы.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін түнгі 00.20 минутта болған. «НОWО» және «BMW» маркалы жеңіл көліктері соқтығысты.

«НОWО» көлігінің жүргізушісі уақытша қамау изоляторына қамалды. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция органы.

Ардақ Райымбеков еңбек жолын 2004 жылы қатардағы ауыл мұғалімінен бастады. 2007-2010 жылдар аралығында Железин ауданының мемлекеттік органдарда қызмет етті. Әр жылдары облыс әкімінің баспасөз қызметі, Қашыр ауданы және Ақсу қалалық мәдениет бөлімдерінің басшысы, Ақсу қаласы және Май ауданы әкімдері аппаратының басшысы қызметтерінде болды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз