Павлодар облысының Баянауыл аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Абылайханов парамен ұсталды.
Бұл туралы биылғы жылдың алты айлық қорытындысы бойынша өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының жетекшісі Руслан Куватов мәлім етті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
– Шенеунік біреуге жер телімін алып беру үшін 250 мың теңге сыйақы сұраған. Абылайханов параны алып жатқан жерінен сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мамандарының қолына түскен. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді Руслан Куватов.