Голландияның кезіндегі атақты футболшысы Патрик Клюйверттің ұлы әкесінің рекордын жаңартып тастады: Джастин Клюйверт небәрі 17 жасында «Аякс» сапында алаңға шықты.
Әкесінен озды деген осы.
Қаңтардың 15-і күні Голландия чемпионатының 18-ші турында «Аякс» «ПЕК Зволле» клубымен сырт алаңда кездесу өткізді. Ойынның 39-шы минутында амстердамдықтардың шабуылшысы Амин Юнес жарақат алып, оның орнына жасыл алаңға Патрик Клюйверттің ұлы, 17 жастағы Джастин Клюйверт шығыпты.