Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Пәтерлер мен кеңселердің жалға алу ақысы арзандап, қала сыртындағы үйлердің бағасы қымбаттады

144

Маусым айында жылжымайтын мүлікке сұраныс күрт өсті

Қазақстан риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко ұзаққа созылған өзін-өзі оқшаулау режимі жылжымайтын мүлік нарығына әсер еткенін айтады.

«Нотариустар жабылғандықтан, әділет департаменті мәмілелерді тіркей алмады, халықтың сатып алу мүмкіндігі төмендеді», — дейді ол.

Қазақстан бойынша карантинге дейін әдетте айына орта есеппен  22 — 23 мың мәміле жасалатын. Сәуір айында олардың саны 5 211, мамырда — 17 210-ды құрады. Ал маусым айында айтарлықтай артып, 32 121-ге жетті

Бұл сандар оқшаулану кезеңінде кейінге қалдырылған сұраныстардың жинақталып қалғанын көрсетеді. Маусым айында жылжымайтын мүлікке сұраныс артып, тіпті бағаның өсуіне себеп болды.

Мына мәселені түсінген жөн

бұл жағдай қысқа мерзімді сипатқа ие және нарықтағы өзгерістер елдегі ағымдағы жағдайға байланысты

Оның ішінде бизнес те карантиндік шектеу шараларына тәуелді.

— Менің ойымша, жақын арада бағаның төмендеуі байқалады. Жыл соңына дейін ол 7-10% құрауы мүмкін.

Нарықтағы процестер тоқтамайды

Expert Estate Service Жылжымайтын мүлік агенттіктері тобының директоры Лариса Гусеваның айтуынша, нарықтағы жағдай біркелкі емес.

«Біреу жағдайдың қалай дамитынын көргуді жөн санады, біреу керісінше, тұрғын үйді сату мен сатып алуға асықты. Қалай болғанда да нарықта қозғалыс бар», —дейді ол.

Бастапқы тұрғын үй сегментінде де, қайталама нарықта да белгілі бір белсенділік бар

Сарапшының айтуынша, клиенттердің арасында көбінесе құрылыс кезеңіндегі 1-2 бөлмелі пәтерлер сұнаысқа ие екенін айтады. Екінші деңгейлі тұрғын үй нарығында эконом-класты пәтерлер сегментінде сұраныс көп, өйткені мұнда тиімді ұсыныстарды табуға болады.

Дағдарыс жағдайында нарықта жақсы ұсыныстар пайда болады

Нина Лукьяненконың пікірінше, Қазақстанның ірі қалаларындағы жағдайға қарап,  осы кезеңдегі жалпы үрдіске баға беруге болады.

— Мен кез-келген уақытта,  мәселенің шешу жолын дұрыс таңдау арқылы, жоспарды тиімді іске асыруға болады деп ойлаймын. Қазір

тиімді сатып беретін сатушылар бар, өзіне керегін жаңылмай таба алатын сатып алушылар бар

Алайда, дағдарыс мүмкіндіктер уақыты деп аталуы кездейсоқ емес. Дәл осы уақытта нарықта бағасы жағынан да, басқа да талаптары бойынша да жақсы ұсыныстар пайда болады. Мәселен,

құрылыс салушылардың акциялары, бөліп төлеуге болатын сатып алу нұсқалары, сатып алу кезіндегі қосымша бонустар және т. б.

Сіз тек мүмкіндігіңізді жіберіп алмай, ұсынысты уақытында пайдаланғаныңыз жөн.

Жалға алу құны арзандады ма?

Лариса Гусева жалға берілетін тұрғын үй нарығында сұраныстың азайғанын айтады.

Карантин жарияланған сәттен бастап бұрын студенттер, қазақстандық және халықаралық компанияларда келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер жалға алған көптеген нысандар бос тұр

— Экономикалық жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар,  дәстүрлі жазғы тыныштық та орын алды, ол  әдетте тамыз айында аяқталатын.

Бірақ жоғары оқу орындарында оқу қашықтан оқыту режимде басталаса, қалаға бару қажет болмайды.

Жағдай сегментке қарай өзгереді.

Бұрынғыдай,

жалдау ақысы арзанырақ эконом-класс пәтерлеріне сұраныс бар

Шығындарын қысқартып,  қымбат пәтерді арзанға ауыстыруға ниет білдірушілер, сондай-ақ  жұмысқа басқа қаладан келген жалға алушылар сұранысты арттырады.

Қалыптасқан жағдайда басқа қаладан келгендер қысқа мерзімге, 1-2 айға жалға алуға мүдделі

«Expert Estate Servic» жылжымайтын мүлік агенттіктері тобы филиалы директорының айтуынша, құны бойынша қымбат бизнес-кластағы пәтерлерді жалға алуға сұраныс айтарлықтай төмендеген.

«Нәтижесінде, пәтерді жоғары бағамен жалға берген жалға берушілер уақытша тапсырудан бас тартуға немесе жалға алу құнын төмендетуге мәжбүр. Элиталық санаттағы пәтерлерге келетін болсақ, олардың үлесіне жиынтық тұтынушылық сұраныстың 10-15%-дан аспайтын үлесі келеді», — дейді ол.

Нина Лукьяненко жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы жағдай өзгермегеніне сенімді.

«Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде төлемдерді кейінге қалдыру үрдісі байқалды. Кейбір түсіністік танытқан пәтер иелері тіпті төлем бойынша демалыс берді. Ал бұрынғы шарттарды сақтап қалғандар өздерінің клиеттерін жоғалтып алды», — дейді сарапшы.

Пандемияның әсерінен үйлер мен саяжайларға сұраныс артты

Нина Лукьяненконың айтуынша,  қала сыртындағы үйлер мен қала шегіндегі үйлерге, учаскелер мен саяжайларға сұраныс артқан.

«Менің ойымша,  өзін-өзі оқшаулау режимінен кейін

адамдар тар пәтерлерінен шыға алмай қалды, көптеген адам өзінің иеліктеріндегі үй-жайларды мүмкіндікгі мен ыңғайлылығы жағынан бағалай алды

Жерде тұрып, ауамен тыныс алып, аулада жұмыс істеп, экологиялық тазалықты айтпағанда, отбасы мүшелерінен оқшаулануға және қашықтықта тиімді жұмыс істеуге болатын қосымша бөлменің болғаны әлдеқайда жағымды.

Шетелдік жылжымайтын мүлік объектілеріне сұраныс пен баға төмендеген жоқ», — дейді Нина Лукьяненко.

Теңізге қараған пәтерле

Оның айтуынша, шетелдік жылжымайтын мүлік сатып алатын азаматтар, әдетте,

 өз активтерін шаршы метр түрінде сақтау және көбейтуді көздейді. Соның ішінде шетелде

Бұл активтерді шығару процесі деп аталады.

— Қазақстандықтардың көбісі бастапқы жарна ретінде пәтер құнының 10% (шамамен $4 мың) төлеп, жылжымайтын мүлікті Қара теңізден сатып алу мүмкіндігіне ие.

Кірістерді растау, кепілдіктің қажеті жоқ, тек төлқұжат бойынша

Сонымен қатар, шетелде жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндер жарнамалық ұсыныстарды қолдана алады. Сондай-ақ

олар қажетті ақшаны 0% мөлшерлемемен несиеге ала алады

Сарапшы дағдарыс кезінде армандаған жылжымайтын мүлікті сатып алуға болатынына сенімді. Мысалы, Қара теңіздегі бірінші жағалау сызығындағы үй-жайлардың бағасы Қазақстанға қарағанда бағасы арзан.

— Мүмкіндіктер уақытын әркім мүмкіндігінше пайдаланады,

— деген сенімде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз