Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-14
USD
385
-1.67
EUR
428
-0.16
RUB
6.08
0.00

Зейнетақыларын кім мерзімінен бұрын ала алады? Еңбек министрлігінің есептеулері

516

2019 жылы 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

Ақша бар ма? Алыңыз!

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есептеулер жүргізді. Қорытынды: зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін ер-салымшыларға мынадай талаптар қойылады:

• 20 жастағылардың шотында 6 млн 549 мың теңге болу қажет. Бүгінде Қазақстанда мұндай салымшылар жоқ;
• 30 жастағыларда жеткілікті минимум 6 млн 695 мың теңгені құрайды. Мұндай ақша 1 106 қазақстандық ер адамның шотында бар болып шықты;
• 40 жастағылар шоттан мерзімінен бұрын ақша ала алу үшін кемінде 6 млн 897 мың теңге жинауы тиіс. Бұл критерийлерге 4 127 адам сәйкес келеді;
• Қазақстанда қажетті 7 млн 244 мың теңге жинай алған 50 жастағы ерлер — 2 906 адам;
• 7 млн 985 мың теңге жеткіліктілік шегін жинай алған 60 жастағы отандасымыз — 1 060 адам.

Осы салымшылардың зейнетақы шоттарында бүгінгі күні 108 млрд теңге жинақталған. Әйелдердің салымдарымен жағдай одан да арта түседі. Арулар үшін жеткіліктілік шегі ерлерге қарағанда жоғары белгіленген.

• Қажетті 9 млн 601 мың теңге жинап үлгерген 20 жастағы қазақстандық әйел әлі жоқ;
• Талап етілетін 9 млн 674 мың теңге жинап үлгерген 30 жастағы 46 отандасымыз бар. Олар өз жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға ала алады;
• 9 млн 759 мың теңге жинақтаған 40 жастағы салымшы — 1 056 адам.
• 9,8 млн теңгеде жинаған 50 жастағылар — барлығы 899;
• 60 жастағы 47 әйел ғана 10 млн 147 мың теңгенің жеткіліктілік шегіне жеткен.

Жоғарыда аталған барлық жеткіліктілік шегі алдағы еңбек қызметінің мүмкіндіктері мен осы сияқты соманы қайта жинақтай алу мүмкіндігін ескере отырып бекітілген.

Еңбек министрлігі зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға қалай пайдалануды ұсынады? Екі жолмен.

Егер жеткіліктілік шегі асып кетсе, БЖЗҚ-ға ақшаны қайтармауға болады. Екінші нұсқа — жеткілікті жинақталған қаражат көлемі болған жағдайда қайтарымдылық принципі бойынша

Тұрғын үй сатып алу үшін жинақтарды біржола мерзімінен бұрын алуға салымшылардың тек 1,2% ғана үміткер бола алады. Немесе 113 мың 503 адам. Оларда шоттардағы ақша белгіленген жеткіліктілік шегіне қарағанда көп. Бұл не деген сөз? Президенттің зейнетақы жинақтарының көмегімен тұрғын үймен қамтамасыз ету идеясы халықтың өте аз үлесіне есептелген. Оның ішінде тек табысы жоғары және зейнетақыға шығу алдында тұрғандар. Олар тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ете ме? Мүмкін. Бірақ өзі үшін емес сияқты.

Өз ақшасын пайызбен қайтару

Еңбек министрлігі жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдаланып, кейін оларды қайтаратын салымшылар үшін қызық схема әзірлеген. Кредиттік негізде. Яғни өз ақшасын уақыт өте келе пайызбен қайтаруы тиіс. Әділ ме? Иә да, жоқ та.

Бір жағынан, адамға өз ақшасын несиемен беру алыпсатарлық. Екінші жағынан, бұл ақша қалай көбейеді?

Өйткені, алынған ақша Ұлттық Банкпен инвестицияланбайды, яғни оларға инвестициялық кіріс есептелмейді.

Зейнетақы жинақтары есебінен кредиттеу схемасы қарапайым. Қазір оны Үкіметте талқылауда. Сонымен, салымшы “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” депозит ашып, кейін несиеге өтініш керек. Оны БЖЗҚ мақұлдаған жағдайда тұрғын үй құнының 30%-ын банкке аударады, ал ол тұрғын үй заемын береді. Алайда, кредиттің әрекет ету уақытына салымшыға қосымша қаржылық жүктеме жүктелетін болады. Себебі “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” де, зейнетақы қорына да төлемдер жасап отыру керек болады.

Айтпақшы, Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың мұндай схемасы сақтандыру нарығында да проблемаларға алып келеді. Өйткені адамдар зейнетақы аннуитеттеріне жүгінуден бас тартады.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, тұрғын үй бағасы да айтарлықтай өседі. Сондықтан тұрғын үйге зейнетақы қорын мерзімінен бұрын алу пайдалы болады деу қиын

Білім алу — кеш емес

Егер жеткілікті сома жинақтаған салымшы зейнетақы қаражатына білім алуды көздесе, онда бұл да несие болады. Ереже тұрғын үй алумен бірдей. Салымшы ЖОО-ны таңдайды, білім беру депозиттері бар кез келген банкке несие өтінімін береді. Егер оны мақұлдаса, БЖЗҚ банкке ақша аударады. Сонымен қатар “Қаржы орталығы” АҚ осы несиені қамтамасыз ету ретінде 100 пайыздық кепілдік береді. Яғни қарыз алушы оны өтемеген жағдайда. Әрі қарай ақша ЖОО-ға аударылады.

Бұл схеманың артықшылығы — білім беру депозиттеріне мемлекет сыйлықақы береді. Минустардан — сыйақы көлемінің ұлғаюына байланысты бюджетке түсетін жүктеме артады

Әрине, салымшының ақшасы инвестициялық кіріссіз, несиеге тым ұзақ жұмыс істейтін болады. Білім беру заемын өзіне емес, өз баласына ресімдеуге бола ма, мысалы. Схемаға қарағанда, жоқ. Өйткені барлық операциялар қолма-қол жүргізілмейді.

Мұндай қызмет халық арасында сұранысқа ие бола ма? Үлкен күмән бар. Өйткені шотына жеткілікті ақша жинап үлгергендер студенттік жастан баяғыда асып кеткен. Олар балалары мен немерелерінің біліміне болашақ зейнетақыларын қуанышпен төлейтін еді. Бірақ бұл схема мүмкіндік бермейді. Еңбек министрлігі талқылау кезінде әлі де түзетулер енгізуі мүмкін. Және шенеуніктер барлық кемшіліктерді ескеретінін айтып отыр.

Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2019 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз