Әди Кенжеғарин, 40 жастағы Алматы тұрғыны, Үй-жайларды жалға берушілер қауымдастығы кеңесінің төрағасы. Ол былай дейді:
Екінің бірінің арманы – пәтер алу. Елдің бәрі жеке пәтер алуды аңсайды.
Бірақ олар пассивті армандап жүр. Ал мен пассив алғым келмейді – бұл өлік ақша.
Пәтерді бұрын алу керек еді, күн сайын қымбаттап жатқанда. Қазір ақшаны ондай жолмен көбейту стратегиясы жұмыс істемейді. Қазір пәтерлер түк те қымбаттап жатқан жоқ қой. Бас салып пәтер салып алғандар, қазір оны ойлаған бағасына сата алмай, қор болып жүр.
45 миллионды 250 мыңға бөлсеңіз, 180 ай немесе 15 жыл болып шығады.
Сол 15 жылда сіз басқа шығындарды айтпағанда, пәтеріңізге бірнеше рет ремонт жасайсыз ғой?
https://kaz.365info.kz/sorly-basym-aj-kvartirant-yz-otbasymdy-shaj-ap-ketti-244186
Ал егер мен пәтерді жалға ала салсам, 45 миллион қалтамда қалып, мен оны тірі ақша әкелетін «любой бизнеске» сала аламын. Әрине, мұнда да өз тәуекелі бар, бірақ пәтер де кез-келген сәтте өртеніп кетуі мүмкін ғой?... Ал ақша маған тұрақты табыс әкеледі. Оның үстіне, мен жұрт сияқты бір қалаға, бір жерге байланып қалмаймын. Бір пәтерден шаршасам, одан да «свежий» пәтерге шыға саламын.
Неше-түрлі құралдар мен варианттар бар.
Тіпті, сол 45 миллионды банктің депозитіне сап қойсам да, ай сайын қолыма 393 мың теңге алып отырамын.
Тіпті, оның 250 мыңын квартираға төлегенде де қолымда «почти» 150 мың теңге қалады.
Сол үшін пәтерді сатып алу тиімсіз, квартирант болып жүргеңіз артық.
Қазақтар үшін пәтер деген – эмоциялық фактор, пәтер – ертеңге деген сенім, қауіпсіздіктің бір белгісі сияқты болып кеткен де…
Бірақ қазақтар өзі көшпенді ел емес пе? Біздің ата-бабаларымыз бір жерге байланып отырмайтын, малын асырау үшін десек те. Қазіргі заман тілімен айтсақ,
біз «постоянный движенияда» болуымыз керек! Қай жақтан жұмыс шығады – сол жаққа тартып кету керек, төрт қабырғаға жабысып отырмай…
Міне, мен осылай Алматыдан Астанаға топ ете қалдым. Қазір біреу ана жақта жұмыс бар деп шақырсыншы – сол жаққа шауып кетемін.
Сол үшін мен пәтер сатып алғым келмейді.
Дереккөз
https://kaz.365info.kz/astanada-kvartirant-bop-zh-rgender-tek-aza-tar-247387