Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Пароммен барасыз…”. Қатонқарағайда демалу үшін қанша ақша керек?

133

Кейінгі екі көлікпен шықсаңыз, жолға бір тәулік уақыт арнауға тура келеді. Ал жеке көлікпен шығамын деген ағайын болса, мәселе басқа… Ұшақпен бір жарым сағатта келіп қона салғанға не жетсін, шіркін.

https://kaz.365info.kz/sausakhtaryn-zhybyrlatyp-khazakh-akhyny-tojda-zhas-khyzben-shajkhap-zhyr-video-324457

Одан соң Өскеменнен ары қарай жол тартасыз. Онда пойызбен, ұшақпен барудың мүмкіндігі жоқ. Автобус, әйтпесе такси.

 – Жол екеу. Жиһангезіміз тек қана таудың ішін аралап барамын десе, Зырян ауданындағы иір-иір серпантинмен өтеді. Ал таумен бірге суды, жазық даланы да көрейін десе, Самар ауылын басып, одан әрі Бұқтырма өзенінен пароммен жүзіп, Катонқарағай ауданының орталығы арқылы барады.

Өз басым соңғы жолмен жүруге кеңес берер едім. Ол әрі қызықты, әрі мінсіз. Екі жақтың да ұзақтығы бірдей – шамамен аудан орталығы Үлкен Нарынға дейін – 350, одан ары демалыс орындарына дейін 100-150-дей шақырым,

– дейді Катонқарағай ауданы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Эльдар Медиев.

https://kaz.365info.kz/aj-ol-yrgashy-zhanar-ajzhanova-khazakh-zhigitterinin-maskharasyn-shygardy-324466

Осылай Катонқарағайға жеттік делік. Саяхатшының ендігі табан тірер орны қайсы?

Мұндағы ең мықтысы – «Рахман қайнары» шипажайы.

Жаралы аңның аяғы суға бір матырғаннан сауығып кететін шипалы арасан осы.

Онда 40-тан астам тұрғынүй бар. Қонақүй бөлмелерінің бағасы 7 000 теңгеден басталып, 11 000, 15 000 деп кете береді. Ал коттедждер 30 мыңнан жоғары. 150 мыңға дейін.

https://kaz.365info.kz/massagan-ajnyr-isinanyn-tyri-operatsiyaga-dejin-osyndaj-bolypty-foto-228061

«Маралды» пантымен емдеу кешені. Келушілер марал мүйізінің сорпасына, яғни бұлауға түседі. Мұнда 20 адамға шақталған жатын орны бар. Үш уақыт құнарлы тамақ беріледі. Жолдама ақысы күніне – 19-20 мың теңгенің көлемінде.

– Осы орайда Катонқарағайдың бал қымызы жайлы айтпай кетуге болмас. Иә, мұқым ел аузының суы құрып мақтайды. Қымыз бұл жақтағы кез келген демалыс орнынан табылады. Литрі 350 теңгеден басталады. Сондай-ақ қазақтың аймүйіз жазушылары әсемдігін жабыла жазған сұлу табиғат аясында жылқымен серуендеуге де болады. Бұлттың өзі табаныңыздың астында жүзіп жүреді, – дейді Эльдар Медиев.

Жоғарыда айтқанымыздай, келем деген ағайын өзі жол мен қаражат жағын жобалай берер.

Біздің пайымдауымызша, қалтада 400 мың теңге болғаны жөн.

https://kaz.365info.kz/kore-almady-resejlik-telearnalar-dimashty-efirden-alyp-tastady-video-324339

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз